«Тұрмыс» нәзік жандарға қорған болды

Бұрын профилактикалық есепте тұрған 232 құқық бұзушының мекен-жайы тексерілді.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерболат Досмағұловтың хабарлауынша, таяуда аудан аумағында «Тұрмыс» атты республикалық жедел алдын алу іс-шарасы болып өткен. Бір айға созылған шара барысында полиция қызметкерлері отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында көптеген жұмыстарды жүзеге асырды.

Осы мерзім ішінде полиция бөлімінің 102 арнасына 37 жәбірленуші қоңырау шалып, шағым түсіріпті. Олардың барлығы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында орын алған кикілжің мен жанжалдан туындаған зорлық-зомбылыққа қатысты болды. Екі әйел адамның арызына сәйкес бөлімнің тергеу бөлімшесі Қылмыстық кодекстің 110-бабында көзделген «Қинау» дерегі бойынша қылмыстық іс көтерді. Қазіргі таңда ол тергелу үстінде. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» деп аталатын 73-бабына сәйкес 19 әкімшілік хаттама толтырылса, «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және «Ұрып-соғу» деректері бойынша 73-1б1-1, 73-2б-1 баптарымен барлығы 35 хаттама толтырылып, заң аясында тиісті шаралар қолданылды. Учаскелік полиция инспекторларының өзі «Зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңның 20-бабының негізінде 31 нәзік жандыға қорғау нұсқамасын шығарды.

Сонымен қатар инспекторлар сот қаулысымен екі адамның бос уақытына шектеу қойып, мінез-құлқына ерекше талаптар орнатып, есепке алды. Бұрын профилактикалық есепте тұрған 232 құқық бұзушының мекен-жайы тексерілді. Бұдан басқа жасөспірім баласы түнгі ойын-сауық орнында жүрген және бала тәрбиесін бетімен жіберген ата-аналар мен қоғамдық орынға мас күйінде келген ересектер де жауапқа тартылып, әкімшілік шара қолданылды.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521