«Түнгі қаладағы балалар»

ken-zhyloi.kz

2021 жылғы сәуір айының 23-25 аралығында Құлсары қаласының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық іс-шарасы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиямен өткізілген болатын.

Акцияның мақсаты – полиция органдарының есебіне қойылған балалар, оқитын жастар арасында профилактикалық жұмысты жүргізуге, құқық бұзушылықтар жасауға бейім жасөспірімдерді, заңға қайшы бағыттағы кәмелетке толмағандар тобын, балаларды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересек адамдарды анықтауға назар аудара отырып, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау және алдын алу сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру.

Осы іс-шараның қорытындысы бойынша полиция органына 14 кәмелет жасқа толмаған бала жеткізіліп, хаттама жасақталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша (яғни, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) - 12 хаттама, 127-бабының 1 -бөлігі бойынша (яғни, кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау) - 1 хаттама.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521