Мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 шілдедеҚылмыстық кодекске жаңа 115-1-бап – «Сталкинг» ұғымы енген заңға қол қойды. Бұл түзету азаматтардың жеке бас бостандығын қорғау және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданды, заң 2025 жылдың 16 қыркүйегінде күшіне енді.
Сталкинг деген не?
Сталкинг – бұл адамның еркіне қайшы, онымен тұрақты түрде байланыс орнатуға тырысатын, зорлық-зомбылықсыз, бірақ елеулі зиян келтіретін заңсыз қудалау әрекеті.
Жаңа бапқа сәйкес сталкинг үшін:
Егер қудалау зорлық-зомбылықпен, қорқытумен, бопсалаумен немесе жеке өмірге қол сұғумен ұштасса, іс-әрекет басқа баптар бойынша қосымша сараланады.
Қылмыстық қудалау тек нақты зиян келген кезде басталады. Мысалы, адамның еркін жүріп-тұруына шектеу қою, жеке өміріне қол сұғу немесе психологиялық қысым көрсету жағдайында.
Сталкингке бей-жай қарамауға және мұндай жағдай туындаса бірден ішкі істер органдарына хабарласуға шақырамыз!



