Газетіміздің өткен санында хабарлағанымыздай, жақында аудандық сот төрағасы Мұратқали Ысқақов брифинг өткізіп, өткен жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарды мәлім еткен еді. Осыған орай сот төрағасының журналистер алдында сөйлеген сөзін оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Аудандық соттың статистикалық есебіне сәйкес, өткен жылы азаматтық істер бойынша келіп түскен талап қоюшылар саны 1394-ке жетті. 79 іс түсіп, 1121-і аяқталып, 671-іне шешім шығарылды. Бұл ретте 102 іс өндірістен тоқтатылып, біреуі бітімгершілік келісіммен, ал 98-і медиация тәртібімен аяқталып, үш іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Медиация тәртібімен аяқталған істер санаты көбінесе берешекті өндіру туралы шарттық міндеттемелер бойынша даулар болып келсе, 75 азаматтық іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен медиация арқылы соңғы нүктесі қойылды.
Былтырғы 12 айда татуластырушы судьяға 1017 талап қою арызы түсті. Оның 217-сі қайтарылып, медиация тәртібімен 15 іс аяқталды. Аудандық сотқа осы мерзімде 3 әкімшілік іс (ӘРПК) түсіп, қаралды. Айталық, сотта қала тұрғыны Ж.Байкадамованың талабы негізінде жауапкер ретінде Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен үй алу кезегін қалпына келтіру туралы әкімшілік іс қаралды. Өткен жылдың 11 қыркүйегінде талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарылды. Талап қоюшы Р.Смагулованың арызымен жауапкерлер Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ын жер учаскесінің шекарасын белгілеп, нақтылауды жүзеге асырмағаны үшін жауаптылыққа тарту туралы әкімшілік іс қаралды. Ол ҚР Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің 138-бабының 2-бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес қайтарылған. Ал талап қоюшы М.Жайықовтың жауапкерлер - Жылыой ауданы жер қатынастары,сәулет және қала құрылысы бөліміне, Құлсары қаласы әкімдігіне, аудандық тіркеу және жер кадастры бөліміне, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалына Құлсары қаласы әкімінің шешімін заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі де сотпен қабылданды. 30 қазанда талапкер шағымды кері қайтарып алуына байланысты шағымды талап қоюшыға кері қайтару туралы шешім шығарылды.
Аудандық сот төрелігіне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2017 іс келіп түсіп, оның 1852-сі қаралса, 89-ы медиация тәртібімен аяқталды. 188 іс қысқартылып, 80-і біріктіріліп, 188 іс қысқартылып, өткен жылдан 43 іс қалды. Әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша 54 жекеше қаулы шығып, оның 50-іне жауап келіп, төртеуіне ескерту жазылды. 2024 жылғы 12 айдың статистикалық есебіне сүйенсек, сот өндірісіне 148 адамға қатысты 124 қылмыстық іс келіп түскен. Есептік мерзімде оның 121-і аяқталды. Өткен жылдан қалдыққа 10 қылмыстық іс қалып, 92 адамға қатысты 82 іс бойынша үкім жарияланып, 81 қылмыстық іске қатысты айыптау үкімі шықты. Бір адам ақталып, 15 адамға қатысты қылмыстық іс жүргізу тоқтатылды. Ал сегіз қылмыстық іс жәбірленуші мен айыпкерлер медиациялық келісімге келуіне байланысты қысқартылды. Прокуратураға Қылмыстық-процестік кодекстің 321, 323 – баптарымен және өзге де жағдаймен 18 қылмыстық іс жолданған. Аяқталған істер бойынша бір жеке қаулы шығарылды. 81 қылмыстық іс бойынша 92 адам сотталды. Олардың 34-і бас бостандығынан айырылса, қалғаны қоғамдық жұмысқа тарту, бас бостандығынан шектеу, шартты түрде соттау, айыппұл төлеу секілді жаза түрлеріне кесілді. Бір адам ғана жазадан босатылды. Сот өндірісіне түскен барлық 134 қылмыстық істің 131-і, яғни 97,7 пайызы электронды түрде келді.
Былтырғы жылға аяқталған 121 қылмыстық істің 112-сі дыбыс-бейне жазба құралын қолдану арқылы қаралған. Өткен жылдың басынан бері бес адам сот төрағасының жеке қабылдауында болды. Жалпы халық арасында жоспарлы түрде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сот жүйесін ақпараттық сүйемелдеу мақсатында жергілікті «Кең Жылой» газетіне судьялар мен мамандар дайындаған барлығы 37 материал жарияланды. Сот төрағасы атымен жергілікті «Кең Жылой» газетіне «Әлеуметке арналған әлеуеті зор кодекс», «Мәжбүрлеу шарасының мақсаты» атты мақалалар берілді. 36 семинар сабақ пен кездесулер өтті. Аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы Г.Жанғазиеваның атымен Facebook парақшасы арқылы «Жаңа кассациялық сот» тақырыбында пост жарияланды.
Мұратқали Ысқақов,
аудандық соттың төрағасы