Сот онлайн түрінде жұмыс жасауда

Шағымданушы мен жауапкердің сот залына келуі міндетті емес.

Қазіргі таңда аудан жұртшылығының көп баратын органының бірі – аудандық сот. Онда күніне толып жатқан азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер қаралады. Көпшілігі медиациялық тәртіппен өз шешімін табады. Төтенше жағдай кезінде судьяларға «Smart - сот» пилоттық жобасы ыңғайлы боп шықты. Көптеген істер онлайн түрінде қаралып, сот процесіне қатысушылар сот залына келмей-ақ қашықтықтан қатысуға мүмкіндік алып отыр.

-Елімізде енгізілген төтенше жағдайға қарамастан Жылыой аудандық соты өз жұмысын жалғастыруда. Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін еліміздің барлық соттары істерді онлайн түрде қарауға көшті. Ал қашықтықтан қарауға келмейтін істер кейінге қалдырылды,-деп хабарлайды Жылыой аудандық соты өзінің Фейсбук парақшасында.

Сот процесіне қашықтықтан қатысу ұялы телефонға орнатылған «True Conf» мобильді бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін сот отырысының хатшысы берген сервер нөмері, логин мен пароль болса жеткілікті. Шағымданушы мен жауапкердің сот залына келуі міндетті емес. Іс онлайн режимінде жүргізіледі. Сотқа жолданатын талап арыздармен бірге қылмыстық және әкімшілік істер мен хат-хабарлар электронды түрде қабылдануда. Бұл процесс төтенше жағдай аяқталғанша созылмақ.

-Сондықтан азаматтарды сотқа құжаттарды тапсыру мен сот отырысына қатысуды қашықтықтан жүзеге асыруға шақырамыз, Осы бір қиын жағдайда түсіністікпен қарап, денсаулығыңыздың қауіпсіздігі үшін үйде болғандарыңыз жөн ғой,- делінген хабарламада.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521