Сот міндеті ажырату емес

Соңғы жылдары сотта сол отбасылық даулардың көбейіп бара жатқаны көзі қарақты ел азаматтарын бейжай қалдырмаса керек.

Отбасылық даулардың ішінде бірінші болып неке бұзу жөніндегі істердің көш бастап тұрғаны алаңдатады. Аудандық соттың судьясы Арайлы Балмұханованың сөзіне сүйенсек, онда ажырасуға талап қойып отырған талапкерлердің жас шамасы - 19-50 жас аралығында. Арасында 50-ден жоғары жастағы азаматтар да бірен-саран кездеседі.

Олардың заңды некесін бұзу жөніндегі талаппен сотқа жүгінуінің себептері де әртүрлі: ер-азаматтың жұмыссыздығы, отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінбеуі, спирттік ішімдік ішіп, құмар ойындарын ойнап, жүріске түсуі, әйел адамға қол көтеру, жұбайлардың балалы бола алмауы. Мұндай талап қоюшының көпшілігі - әйел адамдар. Кейде әйелдердің де жүріске түсуі, маскүнемдікке салынуы да отбасының бұзылуына себеп болып жатады.

Осыған байланысты халық арасында отбасы, балаларды, отбасын қорғау мәселесі бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жалғасын табады. Бұл ретте некеге отыру үшін азаматтық хал актілерін жазу органына келген жастармен де психологтар мен медиаторлар болып, тиісті әңгімелер жүргізген жөн.

Е.Қошақанов

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521