Шетелдіктің көші-қон тәртібі өзгерді

Аталған заң талабы биылғы қаңтар айынан бастап күшіне еніп, қолданысқа енгізіле бастады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңға сәйкес елімізге келген шетелдіктерді полиция органының көші-қон қызметі бөлімшесінде уақытша тіркеу жойылды. Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры А.Дүйсенғали хабарлады. Аталған заң талабы биылғы қаңтар айынан бастап күшіне еніп, қолданысқа енгізіле бастады.

-Бұдан былай заң бойынша шетелдіктің Қазақстанға келуі, болуы және уақытша тұруына арналған рұқсатты рәсімдеу шетел азаматын қабылдап алған жеке және заңды тұлғаға міндеттеледі. Мәселен, Қазақстан Республикасының азаматына Ресейден, Өзбекстаннан туысқаны қонаққа немесе жеке мақсатпен келе қалса, онда соңғысына көші-қон полициясына келіп, тіркелудің қажеті жоқ. Бұл жауапкершілік оны қабылдап алған қазақстандық азаматқа жүктелген. Ол полиция бөліміне барып, өз үйіне шетелдік азаматтың келгенін хабарлауға міндетті. Егер полиция қызметкері тексергенде әлгі шет мемлекеттен келген туысының оның үйінде тұрмайтыны анықталса, онда пәтер иесіне айыппұл салынады. Сол сияқты арзан жұмыс күші ретінде өзбектерді қабылдағанда да дәл осы заң талабы қолданылады,-дейді А.Дүйсенғали.

Негізінен, Өзбекстан Республикасы Еуразиялық экономикалық Одаққа кірмегендіктен осы елдің азаматтары біздің елімізде 30 тәуліктен артық бола алмайды. Ал одан артық болатын жақын шетел адамы уақытша тұруға арналған рұқсатты рәсімдеуі керек. Аға инспектордың айтуынша, шетелдіктің уақытша болуы туралы хабарлау тетігі қазіргі уақытта «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көзделген. Хабарлау рәсімі визалық көші-қон порталы арқылы іске асырылады.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521