Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитеті Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір Қазақстан Республикасының және шетелдік азаматтардан дактилоскопиялық қол саусақ іздерін тапсыруды міндеттемек.
Бұл қадам өз кезегінде құжаттарды заңсыз ресімдеудің алдын алуға көмектеседі және құжаттарды қорғауды қамтамасыз етеді. Және оларды қолдан жасайтын алаяқтық және басқа да қылмыстық әрекеттер сақтайды.
Сонымен қатар, дактилоскопиялық рәсім шет мемлекеттік азаматтардың шекараларды заңсыз кесіп өтпеуі үшін қарастырылған. Сондай-ақ, күнделікті өмірде із-түссіз жоғалып кеткен азаматтарды және табиғи апаттарда жеке басы танылмаған тұлғаларды анықтауға көмектеседі.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, дактилоскопиялық тіркеуге барлық Қазақстан Республикасының азаматары мен шетелдіктер жатқызылады. Бірақ, бұл 12 жастан кіші балалардан алынбайды. 12 ден 16 жас аралағындағы жасөспірімдерді тіркеу ата-анасының қалауы бойынша жүргізіледі.
Дактилоскопиялық рәсім Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы паспорт, жеке куәлік, шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуға жүгінген кезде алынады.
Қол саусақ іздерін тапсырудан бас тартқан кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-1-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.
Айта кету керек, Қазақстан азаматтарының саусақ іздері жеке ақпарат ретінде дактилоскопиялық деректері болып саналады және құпия ретінде ЖСН базасында сақталады.
Қ.САТЫБАЛДИЕВ, аудандық ішкі істер бөлімінің
көші-қон полиция бөлімшесінің полиция майоры