Құрылысшылар бетпердесіз жұмыс жасаған

Атырау полицейлері құрылыс нысандарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Полиция қызметкерлері қаладағы құрылыс нысандарында жұмыс жасап жатқан шетел азаматтары тараптарынан карантиндік режимге байланысты санитарлық нормаларды сақтамау деректерін анықтады, деді облыс Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Рейдтік іс-шаралар барысында "Нұрсая-3", "Нұрсая-2" ықшамаудандарындағы және Жеңіс саябағы маңайындағы Жайық жағалауындағы салынып жатқан құрылыс нысандарында жұмысшылар медициналық бетпердесіз жұмыс жасаған, сондай-ақ құрылыс нысандарының үшеуінде де антисептикалық құралдар болмаған.

Барлық жинақталған құжаттар жұмыс берушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Атырау Полиция департаменті баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521