Өңірде 50-ге жуық әйел Дағдарыс орталығына орналастырылды

Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Атырау облысы аумағында 15-18 маусым аралығында мүдделі мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды, жұртшылықты және БАҚ өкілдерін тарта отырып, “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!” республикалық акциясы басталды.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту.

Акция туралы ақпараттары бар буклеттерді полиция қызметкері қаладағы сауда нүктелерінде, орталық алаңдарда, көп қабатты үйлердің дәліздерінде, аялдамаларда жарнамалап, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Акцияның бірінші күні Атыраулық полицейлер карантин режимін сақтай отыра, 500-ден астам буклеттер таратты.

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, мына нөмірлерге хабарласа аласыз: “102” (полицияға) немесе “150” Ұлттық жедел желісіне, сондай-ақ Атырау облысы Полиция Департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының телефондарына: 98-21-06, 98-21-07, әйелдерді қолдау және дағдарыс орталығы – 46-60-60, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы - 8-701 280 07 21.

Облыс полицейлері жыл басынан бері отбасында зорлық-зомбылық көрген 400-астам әйелдерге қолдау көрсетіп, заң шеңберінде 100-ден астам әйелге кеңестер берілді, 50-ге жуық әйел Дағдарыс орталығына орналастырды.

Атырау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521