Қарыз жылап қайтады...

Ол өзі досы санап жүрген бір келіншекке пәтерін жалға береді. Екеуара жүргізілген ауызша келісімге сәйкес, соңғысы әлгі бос тұрған үйді ісін ілгерілету үшін алады. Бірақ алдын ала төлеуге ақшасы болмайды. «Ақшаны кейін беремін, әуелі, жұмысымды жолға қойып алайын» дейді де, пәтерақысын алдағы айларда беруге уағдаласады. Уақыт алға жылжи береді. Күндер өз алдына, оқтай зулап айлар да өте бастайды. Пәтердің кілтін иеленіп алған «подружкасы» сол кеткеннен мол кетеді.

Енді ол телефон тұтқасын да көтермей, үй иесін әбден әуре-сарсаңға салып қояды. «Берем, берем!» деп ақыры арада үш айды да артқа тастайды. Ақша ештеңе емес, пәтерінің кілтін ала алмаған қожайын табыссыз қалады. Өйткені оның сол үйін жалдап тапқаннан басқа кіріс көзі де жоқ еді. Амалы таусылған әйел дос келіншегінің үстінен сотқа талап арыз жазады. Бірнеше күн көрінбей жүрген «подружкасымен» талапкер сот ғимаратының ішінде жүздеседі. Бірақ олар енді талапкер мен жауапкер ретінде кездесті.

Осы жерде мәселеге медиатор араласып, ескі достардың арасындағы ақшадан туындаған араздықты әрмен қарай өршітуге жол бермеді. Сөйтіп, екі нәзік жанды медиация бөлмесінде бір-бірімен татуласып, медиациялық келісімге келді. Талапкер арызынан бас тартып, судья арнайы ұйғарым шығарды. Соған сәйкес келіншек әйелге пәтердің кілтін тапсырып, 75 мың теңге қарызын 10 күннің ішінде төлеуге міндеттеме алды.

А.ЕДІЛОВА, аудандық соттың бас маманы,

сот отырысының хатшысы,

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ, өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөз

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика