banner_damu

Полиция марихуананы тәркіледі

Қараша айының 19-ында аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, полиция майоры Мырзабай Құлымбетов пен полиция аға лейтенанты Пархат Пірмағанбетов, Ғарифолла Сағидоллиндер қаладағы ықшамауданның бірінде тұратын азаматтың үйін қарап, тексерген еді. Нәтижесінде пәтерден қос қапшыққа орап салынған, өзіне тән өткір иісі бар, есірткіге ұқсас өсімдік тәріздес жасыл түсті зат тауып алды. Сол жерде ол айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды.

-Аталған деректен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар екендігі анықталды. Күні бүгін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қапшыққа салынған есірткі шөбінің марихуана екендігін болжап отырмыз. Оны арнайы тағайындалған сараптама қорытындысы нақтылап, анықтап беретін болады. Қос қапшыққа салынған өсімдік шөбінің жалпы салмағы шамамен екі жарымдай килограмды құрайды,-дейді аудандық полиция бөлімінің баспасөз хатшысы, полиция подполковнигі Анар Кенжикова.

Е.Бәлиев

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика