Олар отбасын сақтап қалды

Мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында талап қоюшы Н.-ның жауапкер Т.-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы азаматша өз арызында жауапкермен мінездерінің жараспағанын айтып, жауапкермен бірге отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Істі қарау барысында тараптардың қорғаушылары азаматтық іс бойынша дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынып, істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

Сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521