Офицерлік мансапқа алғашқы қадам

Аудандық полиция басқармасында жас қызметкерлерге алғашқы офицерлік шендерді табыстау рәсімі өтті. Гарнизондық жиынға әріптестері мен басшылық қатысып, жас сақшылар өздерінің алғашқы офицерлік погондарын алды. Оларды басқарма бастығы, полиция подполковнигі Кокалов Ануар Саматұлы арнайы табыстады.

Даярлықтан өткен 18 кәсіби маман полиция басқармасының әртүрлі бөлімшелерінде қызмет етіп, Отанға адал қызмет қылуға шешім қабылдаған. Бұл көрсеткіш полиция қызметінің тек ерлер арасында ғана емес, әйелдер арасында да сұранысқа ие болып келе жатқанын айқындайды.

Жас офицерлерге үндеуінде Ануар Саматұлы бұл рәсімнің маңыздылығын атап, әрбір қызметкердің жауапкершілігіне ерекше тоқталды: 

“Сіздер офицерлік погон алып, заң мен тәртіпті қорғаушылар қатарына қосылдыңыздар. Сіздердің адалдықтарыңыз, табандылықтарыңыз және кәсібиліктеріңіз азаматтардың сеніміне тікелей әсер етеді. Бұл сенімді ақтап, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерлеріңізді саласыздар деп сенемін.” – деді ол. 

Рәсімнен кейін жас офицерлер өз қызметтеріне кірісті. Алынған шен олардың кәсіби деңгейін растап қана қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілігін де еселей түспек. 

А.ТАЛАПКЕР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT