Оқыс оқиға

Қарашаның аяғында қалада қайғылы оқиға орын алды.

13 жастағы қыз бала өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерболат Досмағұловтан білгеніміздей, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Арнайы тағайындалған сараптама қорытындысы ғана қыз өлімінің құпиясын ашуы мүмкін. Әзірге ләм-лим деп болжам айту да қиын.

Оқушы толық отбасынан шыққан, мінезінде, көңіл күйінде күдік туғызатын еш нәрсе байқалмаған, сабақ үлгерімі де жақсы болған. Көз жұмар алдында ешқандай хат қалдырмаған, телефонындағы барлық хабарламалар, жазбалар өшіріліп тасталған көрінеді. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары ауданда суицид дерегі жиілеп кеткені рас.

Өткен жылы облыстық кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссияның Жылыой ауданында өткен көшпелі мәжілісінде жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол салу дерегі бойынша біздің өңір Атырау қаласынан кейін екінші орында тұрғандығы белгілі болды. Сонда мектеп психологтарының жұмысына облыс әкімінің орынбасары қатты сын айтқан болатын.

Е.Есенов

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521