Несиенің күші жойылып, ноутбук кері қайтарылды

Атырау тұрғыны биылғы қарашаның 4-і күні қаладағы тұрмыстық техника және электроника дүкенінен «Kaspi Жұма» арқылы несие рәсімдеп, 414 069 теңгеге ноутбук сатып алғанды. Кейін тауарының қажеттілігі болмай қалады да кейін қайтаруына тура келеді. Бірақ дүкен кері қабылдаудан бас тартады.

Осыған байланысты, тұтынушы Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Ол өз шағымында сауда орнының ноутбукты қабылдап алмағанын, оның дүкенде жатқанын, өз құқығын пайдаланып, тиісті сападағы тауарды қайтарып, сол үшін рәсімделген несиенің күшін жоюды сұрағанын жеткізді. Алайда, дүкен тұтынушының талабы қанағаттандырмай тастаған. Өз кезегінде Департамет тарапынан тұтынушыға наразылық жазу үшін кеңес беру көмегі көрсетіліп, сауда орны әкімшілігіне тұтынушының құқығы, сатушының міндеттері түсіндірілді. Нәтижесінде тұрмыстық техника және электроника сауда дүкені тарапынан тұтынушының тиісті сападағы тауар үшін р ә с і м д е г е н несиесінің күші жойылды. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес, сауда үйі тұтынушының тиісті де, тиісті емес сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге құқығы бар. Сондықтан өз құқығыңызды біле жүріңіз. Тұтынушылық құқығыңыз бұзылса, Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қ о р ғ а у департаментіне келуіңізге немесе «Е-Otinish» платформасы арқылы өтініш жазуға болады. Біздің мекен жайымыз: Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 79 («Көрме орталығы» ғимараты, 2-қатар). Байланыс телефоны: 8- (7122) 52-03-91, 52-07-83.

Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT