Нөмірсіз мотоцикл айдап, айыппұл арқалады

Облыс аумағында мотокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу және мотоцикл жүргізушілеріне жол жүрісі ережелерін түсіндіру мақсатында "Мотоцикл" іс-шарасын жүргізілуде. Аталмыш шара барысында патрульдік полицейлер Атырау қаласы аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзған 50-ге жуық дерек анықтады. Бейбарыс даңғылы мен Тайманов көшесі қиылысында кешкі уақытта мемлекеттік белгісі жоқ "Yinxiag" мотоциклі тоқтатылды. Тексеру барысында, 1980 жылы туған азаматта жүргізуші куәлігі болмай шықты, сонымен қатар, медициналық сараптама қорытындысымен "жеңіл" дәрежелі мастығы анықталды.

Мотокөлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабының 6-бөлігі "Көлік құралын мас күйінде "А" санатты жүргізу құқығы жоқ күйінде басқару", ӘҚБтҚ-нің 612-бабының 1-бөлігімен "Жүргізуші куәлігі өзімен бірге болмаған", ӘҚБтҚ-нің 590-бабының 2-бөлігі "Көлік құралын мемлекеттік белгісі жоқ күйінде басқару" бойынша хаттамалар толтырылып, ескерту және 27780 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Патрульдік полицейлермен қала ішінде жолаушыларды тасымалдау және мотошлемдерді пайдалану ережесін бұзған- 6, техникалық тексеруден өтпеген мотокөлік құралдарын басқарған-2, техникалық жай-күйі жол қозғалысы қауіпсіздігіне сай емес мотокөлік құралдарын басқарған-5, мемлекеттік тіркеу белгілері жоқ күйінде мотокөлік құралдарын басқарған-2, т.б бұзушылықтар анықталып, 3 мотокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Профилактикалық шара жалғасуда.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика