Мотоциклдер «нөмірсіз» тайраңдап жүр

Атырау полицейлері мотоцикл жүргізушілерін тәртіпке шақырды Кешкі 20.30 шамасында қаладағы Әліпов көшесі бойында патрульдік полиция үш бірдей мотоциклдерді тоқтатты.

«KAWASAKI» маркалы мотоциклдің мемлекеттік белгісі болмай шықты. 1991 жылы туған жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтҚ ​ кодексінің үш бірдей баптарымен, 590-бабы 2 бөлігі ("Мемлекеттік белгісі жоқ күйде жүргізген"), 590-баптың 9 бөлігі ("Міндетті техникалық байқаудан өтпеген"), және (" Міндетті сақтандыру полисын жасасудан жалтарғаны үшін") 230-баптың 2 бөлігімен хаттамалар рәсімделді.

1998 жылғы азаматтың басқаруындағы «LIFAN» мотоциклінің де мемлекеттік белгісі болмағандықтан, ӘҚБтК 590 бабының 2-бөлігімен және осы кодекстің 612-бабының 2 бөлігі ("Көлік құралын тиісті санаттағы басқару құқығы жоқ" ) бойынша, ал «Sd250-7» маркалы мотоциклдің 1983 ж.т. жүргізушісіне Әкімшілік кодекстің 590-бабының 4 бөлігімен ("Жалған мемлекеттік белгіні тағып жүргізгені") үшін хаттамалар жасақталды.

Мотоциклдер айыппұл тұрағына қойылды.

COVID 19

covid

Күнтізбе