Медиация тәртібімен алимент өндірілді

Жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіру туралы дау медиациялық келісіммен аяқталды.

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында бала үш жасқа толғанша жұбайын күтіп-бағу үшін алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз арызында жауапкермен заңды некеден үш жасқа толмаған баласы бар екенін, баласы үш жасқа толғанша өзін күтіп-бағуға 20 айлық есептік көрсеткіш ретінде алимент өндіріп беруді сұрады.

Судья-медиатор А.Р.Балмуханованың көмегімен тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасап, ол бойынша жауапкер талап қоюшы пайдасына баласы үш жасқа толғанша оны асырап бағуға 20 АЕК мөлшерінде ай сайын алимент төлеуге төлеуге міндеттеніп, ал талап қоюшы талап арыздан бас тартады.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Жылыой аудандық соты баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521