Ұлттық қор 13,6 млрд теңгемен толықты

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты қорғау саласының басым бағыты болып табылатын қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.
«Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды. Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен «Каспий нефть» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды.

Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге нақты толықтырылды. Жалпы, 2024 жылдың жартысында прокурорлық қадағалау шараларымен бюджетке 31 352 137 867 теңге өндірілді, оның ішінде табиғатты қорғау заңнамасын сақтау саласында 26 102 690 909 теңге (2023 жылы 19 593 388 285 теңгеден 10 090 306 131 теңге). Атмосфералық ауаның және су қорының сапасына ерекше назар аудара отырып, қоршаған ортаны қорғау прокуратураның ерекше назарында тұр. Экологияның әрбір шамалы ластануы қатаң және әділ жауапкершілікті көздейді.


Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521