Ұлттық халық санағы ұйымшылдықпен өтті

БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ КЕЗЕКТІ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ. ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӘР 10 ЖЫЛ САЙЫН ЖҮРГІЗІЛЕДІ. БҰДАН БҰРЫНҒЫ СОҢҒЫ САНАҚ 2009 ЖЫЛЫ ӨТКІЗІЛГЕН ЕДІ, СОНДЫҚТАН КЕЛЕСІ НАУҚАН 2019 ЖЫЛЫ БОЛУЫ КЕРЕК ЕДІ. АЛАЙДА БҮКІЛ ДҮНИЕЖҮЗІНЕ ТАРАЛҒАН КОВИД-19 АУРУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ІНДЕТ КЕЗІНДЕ ОЛ МҮМКІН БОЛМАДЫ. ЕЛІМІЗДЕ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫНА ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ШЕКТЕУЛІ КАРАНТИНДІК ШАРАЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ САНАҚТЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ. САНАҚТЫ ДАЙЫНДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ БІРҚАТАР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ДЕ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ОНЫ 2021 ЖЫЛЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ҰЙҒАРЫМ ЖАСАЛДЫ.

Міне, 2021 жылғы ұлттық санақ- аса жауапты әрі маңызды науқан да өз мәресіне жетті.
Аудандық санақ бөлімі Құлсары қаласында және барлық ауылдарда мекемелермен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, уақытпен санаспай еңбек етті. Соның арқасында санақшылар санақ жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізді. Осындай жұмыла атқарылған істердің нәтижесінде Жылыой ауданы облыс бойынша ұйымдастырушылық жұмыстары жағынан алдыңғы деңгейден көрінді.
Биылғы санақтың ерекшелігі екі түрлі онлайн және оффлайн форматта өтуінде болып отыр. Онлайн форматтағы санақ 1 қыркүйектен басталып 30 қазан аралығында өтті. Еліміздегі барлық азаматтарға ыңғайлы болу үшін sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында интернет-сауал салуды жүргізу; электрондық планшеттерді пайдаланумен интервьюерлер дәстүрлі жаппай сауал салуды жүргізді. Қосымша Aitu Messenger отандық мобильді қосымшасы арқылы санақтан өту мүмкіндігі берілді. Бұдан басқа egov.kz электрондық Үкімет сайтының басты бетінде sanaq.gov.kz сілтемесі бойынша өтіп, онлайн режимде санақ парақтарын толтырды. Халық санағын өткізу үшін көптеген сұрақтан тұратын 4 санақ парағы әзірленді. Үй шаруашылықтары тұратын адамдар саны, тұрғын үй жағдайлары туралы сұрақтарға жауап береді. Үй шаруашылығының әр мүшесі «Жеке» санақ парағының сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, пандемияның табыс деңгейіне әсері, жұмыспен қамту, тіл меңгеру, неке жағдайы және бала туу сұрақтары енгізілді. Өміріміздің электронды байланысу жүйесіне көшуіне байланысты, бұл халықтың көпшілігі үшін тиімді еді.
-Бірақ санақ мұнымен аяқталған жоқ,- дейді аудандық санақ бойынша уәкілетті тұлға Жайнагүл Дәулетова. – Маңызды шара кезінде үйлері құлыптаулы болып, санаққа қатыспай қалған тұрғындар да бар. Соларды есепке алу мақсатында 1 қарашадан бастап 8 қарашаға дейін бақылаушы-нұсқаушылардың қайтадан үйлерді аралау жұмыстары жалғастырылды. Ал санақтың жалпы қорытындысы туралы аудан тұрғындарына міндетті түрде хабарлайтын боламыз.

С.БАҚТЫҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521