Әдеп кодексі жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзатын, соның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызмет жүйесінде әдеп нормасын сақтау айрықша орын алады.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес, мемлекет қызметші қарапайым, адал, әділ болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтап, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы тиіс. Олардың бойында осы моральдық ұстанымның болмауы түбінде жағымсыз құбылыстарға, құқық бұзушылыққа, жемқорлыққа алып келеді. Сондықтан мемлекеттік қызметші өз қызмет аясында мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық қағидаларын реттейтін Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін басшылыққа алуға міндетті.
Бұл қағиданы қызметтен тыс уақытта да қатаң сақтауы тиіс. Өйткені, ол – қоғам мен мемлекет айнасы, көпшіліктің көз алдында жүретін елеулі адам. Осы талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс. Үнемі салауатты өмір салтын ұстанып, отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет деп санаймын.
Негізінен, Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте жоғары мәдениеттілік қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайының алдын алуына бағытталған. Себебі, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлқына үлкен мән берілуде.
Иә, мемлекеттік қызметші әркез қызмет көрсетудің жоғарғы талаптарына сай болуы тиіс. Олардың Әдеп кодексі нормаларын сақтауы – үнемі Әдеп жөніндегі уәкілдің назарында. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекетік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Мемлекетік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзудың алдын алу іс-шараларын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады. Сондай-ақ өз функциясы шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консуль- тация беретін мемлекеттік қызметші.
Айгүл ЖАҚСЫҒҰЛОВА,
аудандық сот әкімшісінің басшысы