Әкімшілік істер көбейді

Осы аптада аудандық сот төрағасы Мұратқали Ысқақов аудандағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз брифингін өткізді.

Мұратқали Серікқалиұлы өткен жылы аудандық сот өндірісіне келіп түскен әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер жайлы баяндап, олардың қаралу процесіне тоқталды. Оның айтуынша, 2024 жылы ауданда әкімшілік істер көлемі арта түскен көрінеді. Судья мамандарының тапшылығына қарамастан, істердің барлығы да шама-шарқынша уақытылы қаралып, басым көпшілігіне соңғы нүктесі қойылуда.

Сот төрағасының айтуынша, өткен жылы қоғамда резонанс туғызған сыбайлас жемқорлыққа қатысты екі қылмыстық іс қаралды. Олардың барлығы да облыстық сот алқаларынан өтіп, аудандық сот үкімін күшінде қалдырды. Бұдан басқа, былтырғы көктемгі су тасқынының салдарынан тұрғын үйі мен мүліктері зардап шеккен тұрғындар да жергілікті әкімдіктен материалдық залал талап етіп, аудандық сот төрелігіне көптеп жүгінуде екен.

Осы және басқа да атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімелеген аудандық соттың төрағасы Мұратқали Ысқақов алдағы жұмыс жоспарымен де бөлісті.

Е.ҚОШАҚАНОВ

(Брифинг жайлы толық материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT