Әкімшілік әділет: «естуші мемлекеттің» тірегі

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің артықшылығы аз емес. Бұл құжат мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін және әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Кодекс екінші тарап ретінде мемлекеттік органдар әрекет ететін істерді қарау кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеуге арналған. Құқықтық-жариялық даулар барысында билік органдарының шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағым жасау кезінде азаматтар көбінесе тең емес жағдайда күрес жүргізіп келді. Әкімшілік әділетті енгізу – бұл кемшілікті жойып, мемлекеттік орган мен азаматтар арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуді көздейді. Әкімшілік әділет - бұл жаңа институт емес, ол әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан жұмыс істеп келе жатыр. Ол - құқықтық мемлекеттің маңызды атрибуты, азаматтардың құқығы мен бостандығы мемлекеттік органдардың заңсыз әрекетінен қорғауға кепілдік беретін «естуші мемлекеттің» күшті тірегі болып табылады.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануы – мемлекет үшін маңызды оқиға: енді талап-арыздар мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы қағидаты бойынша қаралады. Бұл дегеніміз мемлекеттік орган өзі қабылдаған шешімнің, әрекет пен әрекетсіздіктің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеуі қажет болады. Кодексте әкімшілік актіге бастамашылық етудің, оны қараудың және қабылдаудың бірыңғай, түсінікті рәсімі бекітілген. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Жаңа кодекс – мемлекеттік органдардың әкімшілік және ішкі мемлекеттік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ жария-құқықтық қатынастар аясында дауларды шешу тәртібін реттейтін заңнамалық акті. Құжатқа сәйкес, әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу кезінде келесі қағидаттарға назар аударылады:

* құқықтар басымдығы қағидаты - барлық күдікті қайшылықтар мен түсініксіз нәрселер әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі;

* ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу-әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуға, шектеуге, тоқтатуға, сондай-ақ заңнамада белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында оған міндет жүктеуге тыйым салынады;

* қорғау құқығына сенім - әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі заңмен қорғалады;

* соттың белсенді ролі - сот әкімшілік процеске қатысушы адамдардың түсініктеме, мәлімдеме, өтініш-хаттарымен, олар ұсынған дәлел, дәлелдемелер және әкімшілік істің өзге де материалымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты толық және объективті зерттейді;

* әкімшілік процеске қатысушы жандардың бастамасымен немесе өтініш-хаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды;

* әкімшілік істің нақты және заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.

Әкімшілік актілер қолайлы, яғни жаңа құқық беретін, міндеттерді тоқтататын, жағдайды жақсартатын және ауыртпалық түсіретін құқықтарды тоқтататын, міндеттерді жүктейтін, жағдайды нашарлататын болып бөлінеді. Сонымен бірге, заң шығарушы орган заңсыз ауыртпалық салатын актінің әрқашан міндетті түрде жойылуға жататынын, ал заңсыз қолайлы актінің күші жойылған кезде әкімшілік рәсімге қатысушының сеніміне құқықты қорғау қағидаты ескерілетінін бекітеді. Бұл принцип-қабылданған әкімшілік актінің заңды және дәйекті екендігінің кепілі. Тағы бір маңызды жаңалық: алғашқы әкімшілік процедура жүргізіліп жатқан адамға процедуралық тыңдалу кепілдігі енгізіліп, түпкілікті шешім қабылданғанға дейін өз ұстанымын – позициясын білдіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру нәтижесінде қабылданған шешімге шағымды қараудың алқалық тәртібі белгіленген. Бұл әрине, істің мұқият, негізделген және әділ түрде қаралуын қамтамасыз етеді.

Тағы бір маңызды ерекшелік: әкімшілік орган актіге шағым түскен сәттен бастап үш күн ішінде істі жоғары тұрған органға жіберместен өз қатесін түзетуге немесе істі бітімгершілікпен аяқтауға мүмкіндік ала алады. Сонымен қатар, жоғары тұрған орган төменгі органның қабылдаған ауыртпалық түсіретін актісін жөнсіз, орынсыздығы үшін заңсыз деп танып, оның күшін жоюы тиіс. Сот әкімшіліктің шешіміне, әрекетіне құқықтық бақылауды жүзеге асыруға ғана құқығы бар.

Гүлназ Көпжан,

аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521