#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасында сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Сталкинг – бұл зорлық-зомбылық қолданылмағанымен, адамның психологиялық жай-күйіне елеулі зиян келтіретін және оның еркінен тыс тұрақты түрде қудалау, артынан қалмау немесе мазалау әрекеттері. Мұндай әрекеттер адамға үнемі қысым көрсетіп, оның қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді, ал кей жағдайда қауіп пен үрей сезімін тудырады.
Сталкингке жататын іс-әрекеттердің қатарында:
• азаматтың жеке шекарасын бұзып, оның ізіне түсу;
• бірнеше рет негізсіз қоңырау шалу немесе хабарламалар жолдау;
• интернет пен әлеуметтік желілер арқылы бақылау жүргізіп, қорқыныш немесе алаңдаушылық сезімін қалыптастыру;
• адамның жеке өміріне заңсыз араласу секілді әрекеттер бар.
Аталған қудалау түрлеріне жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілді. Енді осындай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл бап бойынша кінәлі тұлғаларға айыппұл салу, түзеу жұмыстары немесе қамаққа алу сияқты жаза түрлері қолданылуы мүмкін.
Егер сіз немесе жақындарыңыз сталкинг әрекетіне тап болса, дереу “102” арнасына хабарласу қажеттігін ескертеміз.
Құқығыңыздың тапталуына жол бермеңіз!