#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасы арқылы маркасы Largus автокөлігі Азаттық-Алипова көшелерінің қиылысында бағыттама арқылы тоқтатылды.
Тексеру барысында аталған автокөліктің мемлекеттік нөмірі 2024 жылдың 26 сәуірінде тіркеуден алынғаны анықталды. Нәтижесінде, көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі және 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, көлік құралы айып тұрағына қойылды.