#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Атырау облысы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 15-30 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
- Іс-шара барысында маңызы бар респубикалық тас жолдарда полиция қызметкерлері жолда жүру қағидаларын өрескел бұзушылықтарды, оның ішінде көлік құралын мас күйде басқару, жылдамдықты асыру, басып озу, қарама-қарсы жүру, маневрлеу, жолаушыларды және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін тексеруде. Осы ретте, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын болдырмас үшін жолдағы қауіпсіздікті сақтауды ескертеміз,- деді Атырау облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының взвод командирі полиция капитаны Ақылбек Хошаев.