«Қауіпсіз жол» іс-шарасы кезінде мас жүргізуші анықталды

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Атырау қаласы аумағында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысын бақылау күшейтіліп, рейдтік іс-шара барысында мас жүргізуші анықталды. Дәлірек айтқанда, 2 маусым күні түнгі уақытта Hyundai автокөлігі күдік тудырып, тоқтатылды. Медициналық сараптама нәтижесінде жүргізушінің мас күйде көлік құралын басқарғаны анықталып, аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің  608-бабы (көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару) негізінде іс-құжаттар жинақталып, материалдар сотқа жолданды.

Құрметті жүргізушілер! 

Мас күйде көлік жүргізу – адам өміріне тікелей қауіп төндіретін заңмен жазаланатын әрекет. Сол себепті, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT