Қарт ана үйіне қайтарылды

Аудан аумағында полиция бөлімінің тарапынан өткізіліп жататын кез келген құқықтық тәртіп өңірдегі қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға оң ықпал етеді. Бұл құқық қорғау органдары тек жедел алдын алу іс-шарасы барысында ғана шұғыл әрекет етеді деген сөз емес.

Айталық, қазан айының 16-сы мен 20-сы аралығында аудан аумағында «Құқықтық тәртіп» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Онда бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары аудан аумағындағы қала, кент, ауылдық округтерді аралап, бөлімнің профилактикалық есебінде тұрған азаматтарды тексеріп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Шара барысында полиция қызметкерлері өзге де көптеген жұмыстарды жүзеге асырды.

Айталық дәл осы «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасын өткізу кезінде полиция бөлімінің 102 арнасына Құлсары қаласының А. есімді қырықтың қырқасынан асқан тұрғыны хабарлама түсірді. Ондағы ақпаратқа қарағанда, 65 жастағы қарт анасы үйінен жеңіл киіммен белгісіз бағытқа шығып кетіп, мекен-жайынан адасып қалған. Қаланы шырқ айналып іздеп, таба алмаған баласы амалсыздан тәртіп сақшыларынан көмек сұрауға мәжбүр болған. Кезекші бөлімшесінің хабарламасын алып, шұғыл түрде іске кіріскен инспекторлар Дәурен Сауғабаев пен Алпамыс Дүйсенов бағыт алып жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде көп ұзамай егде жан табылып, ағайындарына аман-есен табыстырылды. Анасы үйге сау оралып, қатты қуанған ұлы полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді.

Ербол ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз