Карантинде туған күн тойлаймын деп...

Азаматқа қатысты ӘҚБтК-тің қос бабы бойынша хаттама жасақталды

Ағымдағы жылдың 27 сәуірі күні сағат 22:00 шамасында Атырау қаласының 1973 жылы туған азамат карантин режимін бұзып, қаладағы Құрманғазы көшесінде орналасқан жеке үйінің ауласында, туған күнін отшашу шашып, атап өткен.

Құқық бұзушыға Атырау қалалық ПБ учаскелік полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің "Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша 476-бабымен және бұдан басқа осы кодекстің "Елді мекендерде атыс қаруынан, газды пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану" бойынша 436-бабымен хаттамалар жасақталды.

Рәсімделген іс-құжаттар сотқа жолданды.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521