Карантин режиміне бағынбаған жігіт 2 тәулікке қамаққа алынды

Полиция қызметкерлерімен Жайық жағалауында қала тұрғыны тоқтатылып, ескерту жасалған еді

2020 жылғы 19 маусым күні сағат 22.20 шамасында Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 маусымдағы Қаулысына сәйкес, "қоғамдық орындарға, оның ішінде алаңдарға саябақтарға, жағалауларға баруға тыйым салынуына" байланысты полиция қызметкерлерімен Жайық жағалауында қала тұрғыны тоқтатылып, ескерту жасалды.

Алайда, бұл азамат өзіне жасалған ескертулерге қарамастан, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсеткен.

1990 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ƏҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, сот қаулысымен 2 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521