Кәуап сатушылар қолғапсыз, бетпердесіз сауда жасаған

Тексеру көрсеткендей, кейбір бизнес құрылымдар тараптарынан карантин талаптары сақталмайды.

5 шілдеден бастап Атырау қаласында полиция қызметкерлері 500-ден астам нысанды тексеріп, дүкендердің, супермаркеттердің, кафе-мейрамхана иелері тарапынан, сонымен қатар, түнгі 23.00-ден кейінгі шектеулерді орындамаған 300-ге жуық бұзушылық деректерін анықтады.

Сондай-ақ олардың арасында қаладағы кілем дүкендерінің бірі , көлік жөндеу және көлік жуу орталықтары, ойын клубы, караоке анықталды. Отбасылық мерекелерді, атап айтқанда, туған күн өткізудің 7 дерегі анықталды. Салынған тыйымдар мен шектеулерге қарамастан, Атырау шағын ауданындағы үйлердің бірінде көп адамдар жиналып, туған күн өткізген.

Баймұханов көшесі, Азаттық даңғылы бойындағы дәмханалар, Вокзал маңы ықшам ауданындағы кәуапханалардың бірінде сатушылар медициналық бетпердесіз, медициналық қолғапсыз, әрі тыйым салынғанға қарамастан жұмыс жасап, адамдардың денсаулығына қауіп төндірген.

Департамент бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев:

11 шілдеден бастап, құрамында әкімдік, СЭС және полиция өкілдері бар санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің сақталуын тексеруді жүзеге асыратын 20-ға жуық мониторингтік топ құрылды. Тек үш күнде мониторингтік топтармен 80-нен астам карантин режимін бұзғандар анықталды,- деді.

Карантин режимін бұзудың барлық деректері бойынша Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау басқармасына жолданды.

Атырау Полиция Департаменті баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521