Жақында әлеуметтік желіде Құлсары қаласындағы ықшамауданның бірінде бір топ жастардың төбелесіп жатқан бейнебаяны тарап кетті. Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға қыркүйек айының 5-і күні, сағат 22.20 минут шамасында орын алған көрінеді.
Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жанында топтасқан адамдардың төбелескені анықталды. Жергілікті полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық құқық бұзушылыққа қатысушылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша іс көтеріліп, тергеу жұмыстары басталды. Дене жарақатын алған немесе және ауруханаға жеткізілген жасөспірімдер жоқ,- делінген хабарламада.
Өкінішке орай, жасөспірімдердің топтасып төбелесуі жалғыз бұл емес. Осыған дейін де қақтығыс орын алып, жарақат алған жастың суреті әлеуметтік желі арқылы тараған еді.
Өз тілшіміз