Көлiкті құжатсыз басқарған

ken-zhyloi.kz

Атырау облысы Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Б. көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушi бола тұра, көлік құралын Сарықамыс-Құлсары тас жолында басқарған. Сот отырысына «WhatsApp» желісі арқылы байланысқа шыққан Б. өз түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын толықтай мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, өзіне әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолдануды сұрады.

Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық​ бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 102 095 (бір жүз екі мың тоқсан бес) теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Жылыой аудандық сотының

баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521