Көлікті басқару құқығынан айырылған 2 жылыойлық анықталды

Республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

2021 жылдың 17 мамыр мен 16 маусым аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шарасы барысында Жылыой ауданы көлемінде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Жедел басқару орталығының көмегімен 700-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, соның ішінде автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін 8 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес Жылыой аудандық сотымен әрқайсысы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, барлығы жеті жылға жүргізушілік құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабымен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарған 2 тұлға анықталып, аталған деректердің қылмыстық құқықбұзушылық санатына қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Бүгінгі таңда аталған 2 тұлға тергеу абақтысына тоғытылды.

Осы орайда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Жылыой ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.

Жылыой ауданы полиция

бөлімінің баспасөз қызметі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521