«Көкек» әкелер көшеден ұсталды

Таяуда аудандық прокуратураның бастамасымен «Борышкер – 2019» акциясы өткізілді.

Бұл жөнінде аудандық прокуратураның прокуроры Аңсат Омаров хабарлады.

-Әкімшілік айыппұлдарды мемлекет пайдасына өндіруді көздеген бұл шара сот актілерінің орындалуын, алиментке берешегі бар борышкерлердің қарызын өндіруді мақсат тұтты. Акцияның тиімділігін арттыру үшін прокуратура жеке сот орындаушыларымен, аудандық полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе тобы, жергілікті полиция бөлімшесінің патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топ құрып, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды,-дейді А.Қажымұқанұлы.

Акция аясында Құлсары қаласының Махамбет даңғылының бойында арнайы құрылғымен жабдықталған «Автоураган» көлігі қойылды. Екі немесе одан да көп айыппұлы бар 27 көлік иесі ұсталып, оның 12-сі ақылы автотұраққа жөнелтілді. Қалған борышкерлер дереу айыппұлын төлеп, мобильдік топ мүшелері оларға түсінік жұмыстарын жүргізді. Алиментке берешегі үшін сот ұйғарымымен көлік құралын басқару құқығы уақытша тоқтатылған 2 борышкер ұсталып, жүргізушілік куәліктері тәркіленді.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521