Көк туды «желбіреткендер» жазадан жалтара алмады (+ВИДЕО)

Тәртіп бұзушылар айылдарын жияр емес

Атырау ҚПБ полиция қызметкерлері теміржол вокзалы жанындағы сауда үйлерінің бірінің алдында Қазақстан Республикасының Туын көлігінің капоты үстіне төсеп алған жүргізушіні ұстады.

18 мамыр күні кешкі 20.30 шамасында «Mitsubishi L300» және «Mercedes Benz» көліктерінің жүргізушілері вокзал алдында жол ережесін бұзып, бірнеше рет айналып маневр жасаған, жол жабындысын ластаған, сигнал бермей, қауіпсіздікті сақтамағандары үшін ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлімімен, 630-баптың 1-бөлімімен хаттамалар толтырылды, сонымен қатар, «Mercedes Benz» көлігінің 1999 жылы туған жүргізушісіне бұдан басқа, ӘҚБтК 458-бабының 1-бөлімімен «ҚР Мемлекеттік Туын пайдалану және тәртібін бұзғаны үшін» 138 900 теңге айыппұл салынды.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521