Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Бас прокуратурада салтанатты жиналыс өтті.

Бас Прокурор Б.Асылов жеке құрамды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтап, еліміздің одан әрі дамуы мен өркендеуінде Ата заңның маңыздылығын атап өтті.

«Конституцияда адам құқықтарын, бизнес, қоғам және мемлекет мүдделерін қорғаудың заңдылығы мен кепілдіктерінің негізі қаланған. Қарқынды өзгерістер мен жаңа сын-қатерлер жағдайында прокуратура мемлекеттік биліктің барлық институттарымен синхронды түрде қоғамның қажеттіліктеріне бағдарланған заманауи органға айналады», - деді қадағалау ведомствосының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT