Үйінен дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан атыраулық ұсталды

Атырау қаласының 1994 жылы туған тұрғыны үйінен қымбат бағамен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатып ұсталды.

Тексеру барысында,

-Ингавирин 5000 теңгеден,

-Дексаметазон виал -4000 тг,

-Азитромицин-2000тг,

-Дексаметазон-2000тг,

-Лидокаин Буфус-1000тг

-Метронидозол-1000тг табылып, алынды.

Бұл дәрілердің барлығы да қымбат бағамен сатылған. Бұл күні полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде тағы бір деректі анықтады. Авангард ықшам ауданындағы үйлердің бірінің пәтер тұрғыны өз бағасынан бірнеше есе қымбат бағамен медициналық бетперделер сатқан.

Тексеру кезінде пәтер ішінен 43 мың медициналық бетперделер табылып, алынды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен құқық қорғау органдарына пандемия кезінде дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына жол бермей, реттеуді тапсырды. Анықталған деректер бойынша тексерулер жүргізіледі, деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін, 6 шілдеде, полиция қызметкерлері Атыраудағы косметикалық салондардың бірінде респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуды анықтап, ірі мөлшерде дәрілерді тапқан болатын.

Атырау облысы полиция

департаментінің баспасөз қызметі

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика