Исатайлық полицейлер 393 келі қара балық тәркіледі

Республика көлемінде өтіп жатқан «Броконьер» профилактикалық іс-шарасы кезінде Исатай аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері Атырау-Астрахань тас жолының бойында Армения республикасына тіркелген «Toyota Ipsum» маркалы көлігін тоқтатып,

тексеру кезінде жүк салғышынан 393 келі қара балықтары табылып, тәркіленді. Құрманғазы ауданының 28 жастағы тұрғыны осыншама балықты заңсыз жолмен Атырау қаласына жеткізбекші болған.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабымен шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521