Жылыой аудандық полиция бөлімі басшысының түсіндірмесі

ken-zhyloi.kz

«Жылыой аудандық полиция бөлімінің басшысы вакцина салдыру бойынша аудиожазбасына байланысты түсінік берді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі ПД баспаcөз қызметінің мәліметіне сүйеніп. ⠀

«Халықпен тығыз байланыста жүрген полиция қызметкерлері үшін вакцина салдыру кезек күттірмейтін мәселе. Осыған байланысты аудиожазбаны жолдаған болатынмын, алайда ешкімді күштеп, мәжбүрлеп вакцина салдыруға апарған жоқпыз. Бөлім басшысы ретінде жеке құрамның денсаулығы маңызды екендігін және аудиожазба тек осы құрамға бағытталғанын айтқым келеді»,- деді Ерболат Досмағұлов өз бейнеүндеуінде. ⠀

Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулет облыста полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алуды бастағанын мәлімдеді.

«Вакцина салуды алғашқылардың бірі болып халықпен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарушы учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция қызметкерлері алуда. Қызметкерлерге вакцина салынбас бұрын денсаулық жағдайы жіті тексеріледі»,- деді ол. ⠀

Айта кету керек, қазіргі таңда облыс бойынша департамент қызметкерлерінің 20 пайызы, яғни 460 қызметкер коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521