«Есірткі, буллинг, алаяқтық»: аудандық полицейлер мектеп оқушыларымен кездесті

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

Денсаулық - бұл адам үшін ең үлкен бақыт және құндылық. Осы орайда, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шараларын күнделікті жүргізуде. 

Ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Арсен Кибашев және Экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі, полиция  капитаны Жалғас Сдыхов М.Ломоносов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларымен кездесті. Мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс мәселесі туралы хабардарлықты арттыру. Мектеп оқушылары жасөспірімдер жиі жасайтын құқық бұзушылық түрлері мен олардың ауыр салдары туралы кеңінен ақпарат алды. 

Кездесу барысында тәртіп сақшылары жастарға заңды сақтаудың маңыздылығы, өз әрекеттері үшін жауапкершілік алу және құқық бұзушылыққа әкелуі мүмкін жағдайлардан аулақ болу керектігі туралы айтып берді. Сонымен қатар, буллинг, киберқылмыс және олардың жасөспірімдерге әсері тақырыптары да талқыға алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT