ЕКІ МИЛЛИОННЫҢ МӘШИНЕСІН ӘПЕРЕМ ДЕП...

Ұрлық қылмысы - ең көп таралған қылмыстардың түрі.

Атырау облысы полиция Департаменті Тергеу басқармасының өндірісінде биылғы жылдың 1 тоқсанында 2200-ден астам қылмыстық іс болған. Бұл 2019 жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 4,1 пайызға төмен.

Сонымен қатар, қылмыстық істердің өндірістен аяқталу көрсеткіші жоғарылап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасы жақсарған. Ашылмаған қылмыстық істер бойынша барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп, мерзімінде сотқа жолдануы қадағаланып отырады, дейді ПД Тергеу басқармасы бастығы полиция полковнигі Нұрмұхамбет Муталиев.

Тергеушілер мен анықтаушылар жеке тұлғаға, азаматтардың денсаулығына қарсы қылмыстарды тергеп-тексеруде жан-жақты ізденіп, куәлардың жауаптары мен айғақ заттарды пайдалануда тәжірибелері мен кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде.

Мысал ретінде ұялы телефон, көлік ішінен ақша ұрлау секілді қылмысты айта кетсек болады.

Әрине бұл қызметкерлеріміздің тынымсыз еңбектерінің жемісі. Ұрлық қылмысы - ең көп таралған қылмыстардың түрі. Қылмыс түріне орай, қылмыскерді анықтаудың мүмкіншілігі аз. Дегенмен, тергеу-жедел топтарының, тергеу мен криминалдық полиция саласының бірлескен жұмыстары оң нәтиже беруде.

Соңғы кездері полицияға интернет желілері арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарына қатысты арыз-шағымдар түсуде. Жәбірленуші қылмыскердің түрін көрмейді, тек желі арқылы немесе қылмыскермен ұялы телефон арқылы сөйлеседі.

Өткен жылдың қазан айында белгісіз азамат құны 2 115 000 теңге тұратын автокөлік алып беремін деп жәбірленушінің ақшасын жымқырған. Aлаяқтық қылмысы бойынша ПД Анықтау бөлімімен бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп, жаұында күдікті анықталып, іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Осы тектес қылмыстардың ашылуы мен тергеп-тексеріліп, сотқа дейін жетуіне Департамент басшылығымен ден қойылып отыр.

Мәлімет Атырау облысы полиция

Департаменті ФБ парақшасынан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521