banner_damu

Деструктивті діни ағымын ұстанушы қамауға алынды

Атырау облысы Полиция Департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен Есірткі бизнесіне қарсы күресі басқармасы қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында синтетикалық есірткі заттарын сатқаны, таратқаны үшін деструктивті діни ағымын ұстанушы 1988 ж.т. азамат ұсталды.

Тінту барысында азаматтан синтетикалық есірткі, тыйым салынған религиялық әдебиеттер мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған компоненттер тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізілуде (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу).

Сонымен қатар, тергеу болжамы негізінде, азаматқа қатысты ҚР ҚК 256 Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру және 174-баптары бойынша (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру ) іс қозғалды.

Ұсталған азаматқа қамауға алуға санкция берілді.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Атырау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика