Борышкердің басына күн туды

Борышкердің басына күн туды
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Қазір жаза басса да, арқалаған айыппұлынан арылуға асықпайтын адамдар пайда болды. Сол себепті құзырлы органдар ондай әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатаң шаралар қодануға мәжбүр. Аудан аумағында 18 қараша мен 20 желтоқсан аралығында өтіп жатқан "Борышкер" жедел профилактикалық іс-шарасы – айыппұл арқаласа да, оны өтеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді құрықтау үшін ұйымдастырылып отыр.

-Мақсаты – жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ, қолданған жазаны орындамаған құқық бұзушылар арасында жазаны бұлтартпай орындау қағидасын сақтау,- деп хабарлайды аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі. Сондықтан аудандық полиция бөлімі әр адам өз айыппұлын келесі тәсілмен тексеруге және төлеуге болатынын хабарлайды:

- "Қазпошта" АҚ филиалдары арқылы және екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде, сондай-ақ мобильді қосымшада интернет-сайттар арқылы онлайн-төлем жасау мүмкіндігі бар. Kaspi.KZ қосымшасы арқылы айыппұлды тексеру үшін "төлемдер" бетбелгісіне, одан кейін "айыппұлдар" бөлігіне кіріп, көлік иесінің ЖСН-ін, құжат нөмірін және берілген күнін енгізу керек,-делінген бөлімнің хабарламасында.

Е.ЕСЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT