Борышкердің бірі 17 рет ереже бұзған

Тәртіп сақшылары борышкерлердің көліктерін айыппұл тұрағына қойып, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атырау полицейлері айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге қатысты пәрменді жұмыстар ұйымдастыру мақсатында 25-30 мамыр аралығында "Борышкер" шарасын өткізуде.

Аталмыш шара барысында Жедел басқару орталығының бейнекамералары мен "Автоураган" жүйесі көмегімен қала көшелерінен 45 көлік тоқтатылды. Бұл көлік жүргізушілері 276 рет әкімшілік құқық бұзғандары (кейбіреулері жол қозғалысы ережелерін 10 -17 рет бұзған) үшін салынған 2 миллион теңгеден астам мөлшерде айыппұлды төлеуден жалтарып келген.

Тәртіп сақшылары борышкерлердің көліктерін айыппұл тұрағына қойып, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш шара басталғалы жүргізушілер тарапынан 161 құқық бұзушылық үшін 1 миллион 200 мыңнан астам теңге мөлшерінде айыппұл өндірілді.

Полиция Департаменті азаматтардан өздеріне салынған айыппұлдарды мерзімінде төлеп, түбіртектерді "Нұрсая" ы/а. Әбілхайыр хан даңғылы,55 мекен жайда орналасқан "Полиция" ғимаратындағы ПД Әкімшілік полиция басқармасына тапсыруды ескертеді.

"Борышкер" шарасы жалғасуда.

Атырау Полиция Департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521