Билер кеңесі 2 отбасын сақтап қалды

БІР КҮНДЕ 3 АЗАМАТТЫҚ ІС БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КӨМЕГІМЕН РЕТТЕЛДІ

Жылыой аудандық сотында Билер кеңесі көмегімен бір күнде 3 азаматтық іс татуласумен аяқталды. Оның біреуі қосымша алимент өндіру туралы болса, 2 азаматтық іс неке бұзу туралы.

Сот отырысында судья А.Р.Балмуханова тараптарға Билер кеңесі мүшелерінің қатысуымен бітімгершілікке келудің мүмкіндіктерін түсіндірді.

Билер кеңесінің көмегінің нәтижесінде сотта тараптар өзара бітімгершілікке келіп, тараптардың арасында татуласу келісімі жасақталды.

Осыған байланысты аталған азаматтық істер бойынша іс жүргізу тоқтатылып, төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Сот ұйғарымдары заңды күшіне енген жоқ.

Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521