Бүгінгі жемқор – ертеңгі қылмыскер

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта даму жолдарына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде біздің елімізде де бар, тек ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық елдің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Инвестиция тартуды тежейді.

 Негізгі терминдердің бірі ретінде “соггитреге” аталады. Бұл сөз мағынасына қарай “мемлекет ағзасының, қоғамдық қатынастардың бұзылуы” дегенді білдіреді. Ал “сатып алу” – әдетте лауазымды адамның өз биліктік өкілеттіктерін және өзіне сеніп тапсырылған құқықтарын алдау, қорқытып алу, сөзбұйдаға салу жолымен мемлекеттік саясат басымдықтарының заңнамасы мен моральдық нормаларына қайшы келетіндей пайдалануын білдіретін термин.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Бұл дерттің жаппай жойылу жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Сондай-ақ жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірінен саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда азамат адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қазіргі таңда Жем ауылдық округі әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жасақталған. Сонымен қатар, мекеме ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қабылдау үшін арнайы жәшік бар. 2-91-00 сенім телефоны да мүлтіксіз жұмыс жасайды.

Н.Қуатбаев, Жем ауылдық округі әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT