#ЗАҢМЕНТӘРТІП
7 сәуір күні сағат 10:30 шамасында Қ.Сәтпаев көшесінің бойында мопед көлік құралы тоқтатылды. Тексеру барысында 1997 ж.т. жүргізушісінің көлік құралын басқару құқығы жоқ күйінде көлік басқарғаны анықталды. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, мопед айып тұрағына қойылды.
Осы ретте, патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тәртіп пен жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.