Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен Құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда 2021-2022 жылдарға және а.ж. өткен мерзімінде анықтаудан, тергеп-тексеруден және соттан бой тасалаған адамдарды іздеу бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мәселелері талқыланды.
Бұл ретте экстрадициялау туралы келісімдердің жоқтығына қарамастан, а.ж. іздеуде жүрген 7 адамды экстрадициялауға қол жеткізілді, оның ішінде Германиядан, Камеруннан, Польшадан және Швециядан.